• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Созақ ауданында  10 мың тонна ас  тұзын  өндіретін зауыт жұмыс істейді 31.03.2017

2016 жылдың қараша айында іске қосылған зауытта бүгінгі дейін 10 мың  тонна өнім өндіріліп, өңіріміз бен көрші облыстарға жіберілуде.

Жергілікті 14 тұрғынды жұмыспен қамтыған зауыт жылына 9-10 мың тоннаға дейін тұзды өндіріп, облыстың тұзға деген 100 мың тонналық сұранысының 10 пайызын қамтамасыз етуге қауқарлы.

Тұз өңдеу цехінің басшысы Мұрат Сапаровтың айтуынша, зауыт толықтай автоматтандырылған, бір түймемен басқарылады.

Сағатына 5 тоннаға дейін өңделген ас тұзын шығаратын нысан жұмысшылары шикізатты ауданның Тасты ауыл округіндегі «Бақыт таңы» тұз кенінен алады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 6 пайызбен 70 млн. теңге несие алған өндірістік кооператив басшылығы бүгінге дейін қарызының 30 пайызын жауып үлгерген. Цехта 1, 5, және 10 келілік ас тұздары қапталып, буылады.

 

 


Back to the list