18.03.2017
Өңірдің статистика департаментінде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістер 229,7 млрд теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндіргенін мәлімдеді, бұл өндірістің республикалық көлемінде 6,5% құрады. Өнеркәсіптің өнімнің физикалық көлем индексінің көрсеткіші 2016 жылғы қаңтар-ақпан кезеңімен салыстырғанда 105,8%-ға бағаланған.
Осы ретте, тау-кен өнеркәсібінде 2017 жылғы қаңтар-ақпан кезеңінде 20,7 млрд теңгеге өнім өндірілген, бұл өткен жылғы сәйкес кезең деңгейінен 11,4% жоғары.
Өңдеу өнеркәсібінде 2017 жылғы қаңтар-ақпанда 186,9 млрд теңгеге өнім өндірілген, есепті кезеңдегі физикалық көлем индексі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 105,6% құраған.