18.03.2017
Аталған жүйе Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан, автоматты режимдегі электрмагнитті ұйытқуларды тіркеуге арналған 8 инстрациялы желіден тұрады.
Бұл жүйе стансалары бір-бірінен 100-200 км. қашықтықта орналасқан, станса жабдықтары электрмагнитті ұйытқуларды тіркеуге арналған 2 антеннадан (магнитті және электрлі), Ғарыштық техника және технологиялар институтының орталық серверіне ұялы байланыс арқылы тіркелген найзағай туралы ақпаратты тасымалдау үшін контроллер мен GPS-антеннадан тұратынынатап өткен жөн.
Жүйе жұмыстарының нәтижелері найзағайдың әрбір разряды, оның 1 000 км дейінгі қашықтықтағы шеңберде болған жері мен уақыты туралы ақпарат болып табылады.
Бұл ақпараттарды пайдаланушылар метеорологиялық қызметтер, ТЖ жауапты қызметтер, ғылыми-зерттеу институттары, азаматтық авиация, электр желілерінің операторлары, мұнай-газ өндіретін және геологиялық барлау кәсіпорындары болып табылады.
2017 жылдың соңында дайын болған Жүйені пайдалануға енгізу және елдегі барлық мүдделі кәсіпорындар мен қызметтерге Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы найзағай белсенділігі туралы деректерге шұғыл қолжетімді ұсыну жоспарлануда.