• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматылық киім  өндірушілер Астана нарығын игеруде 16.03.2017

Бұл кәсіпорынның есеп бойынша Астанадағы екінші бутигі, бірінші бутик «Самғау» сауда орталығында орналасқан. Бұдан басқа, Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне компания «Mega Alma-Ata» сауда ойын-сауық орталығындағы қолдағы бар бутикке қосымша ретінде «Mega Park» сауда ойын-сауық орталығында жаңа сауда орнын ашуды жоспарлап отыр. Қорыта айтқанда, кәсіпорынның Қазақстан бойынша барлығы 4 бутигі жұмыс істейтін болады.

Барлық сауда орындарында ерлер киімі мен аяқ киімі және мектеп формасы ұсынылған. Өткен жылдың желтоқсан айында кәсіпорынның итальяндық технология бойынша 75-тен астам үлгілік түрлерін құраған ерлер аяқ киімінің өндірісін іске қосқанын атап өтеміз. Желінің өндірістік қуаты    2,5 млрд. теңге тауар айналымымен жылына 150 000 жұп аяқ киімге жетеді деп болжануда. Бұдан басқа, тігін бұйымдарының өндірістік қуаты жылына 1,5 млн. бірлікті құрайды. Компания өнімінің қазақстандық қамтудағы үлесі 84%-ға дейін жетті.

Қазіргі уақытта, фабрика өңірдің ең ірі жұмыс берушілерінің бірі болып табылады. Кәсіпорын ашылған сәттен бері жұмысшылардың саны                     15 есеге, 30 адамнан 450 адамға дейін артты, ал өндіріс көлемі 7 есеге артты. Сондай-ақ, кәсіпорын жанында 2014 жылдан бері «Шебер» оқыту орталығы  жұмыс істейді, онда әрі қарай фабрикамен қатар, одан да тыс жерлерге жұмысқа орналастыра отырып, 7 бағдарлама бойынша оқытудың қос технологиясымен тігін және аяқ киім өндірісінің мамандарын даярлау және қайта даярлау жұмысы жүргізіледі. «Шебер» оқыту орталығы тігін-аяқ киім саласында 300-ден астам мамандарды оқытып шығарды.

 


Back to the list