• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҰЭМ-де  өңірлердегі бизнес-ортаны жақсарту мәселелері талқыланды 10.03.2017

Аталған Жолдауда бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту бойынша бірқатар бастамалар ұсынылды. Негізінен, Мемлекет басшысы жалпы кәсіпкерлікті қолдау құралдарын одан әрі жетілдіруді, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті кеңейтуді, экономикада мемлекет үлесін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін ЖІӨ-де 15%-ға дейін азайтуды тапсырды. Сонымен бірге, нақты міндет анықталған болатын – елде бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингісін енгізу.

Сараптама қоғамының Мемлекет басшысымен айқындалған мемлекеттік саясатты іске асыру тетіктерін талқылау және жолдаудың негізгі ережелерін халық арасында тарату барысында «Қазақстан өңірлерінде бизнес-ортаны жақсарту» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Шара  аясындае елде бизнес климатты жақсарту бойынша жүйелік шаралар қарастырылды, сондай-ақ Қазақстанда бизнес-климаттың ахуалын бағалаудың қолданыстағы әдістері талқыланып, өңірлердегі бизнест жүргізу жеңілдігі бойынша рейтингті әзірлеу және енгізу бойынша ұсынымдар әзірленді.

Семинар жұмысына кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетекші қазақстандық сарапшылар, бизнес-қоғамдастық, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысты.


Back to the list