09.03.2017
2017 жылғы 1 ақпанға Қостанай облысының бюджет табыстары 17,9 млрд. теңгені, шығындар – 9,8 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады облыстың статистика департаментінің баспасөз қызметі.
2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда табыстар 14% артты, ал шығындар 18,3% төмендеді.
Салық түсімдерінің құрылымында ең үлкен үлесті жеке табыс салығы (45,7%) және әлеуметтік салық (34,4%) алады. Шығындардың негізгі үлесі білім беруге 56,1% (5,5 млрд. теңге) және денсаулық сақтауға 11,2% (1,1 млрд. теңге) жіберілді.