06.03.2017
Оның айтуынша, министрлік әр уақытта әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларына ерекше көңіл бөліп отырады.
«Статистикаға сүйінсек, әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларына жыл басынан бері баға небәрі 2 пайызға өскен. Оның ішінде, ет өнімдері, картоп пен пияз бағасының қымбаттағанын байқауға болады»,- деді спикер.
Министрлік өкілінің сөзіне сүйінсек, бұның бірнеше себептері бар. Соның бірі - азық-түлікті маусымды сақтау қызметтерінің шығыны. Оған қоса, жем-шөп пен жанармай бағасының қымбаттауы да баға өсуіне әсер етіп отыр.
Осы орайда, Самал Ибраеваның айтуынша, ҚР Ұлттық экономика министрлігі өз тарапынан сауда қызметін реттеу бойынша бірқатар заңнамалық өзгерістерді енгізуді жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы басты жаңалық - әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларынының бағасын реттеу енді жергілікті атқарушы билік органдарының құзыретіне кіретін болады. Аталған өзгеріс наурыз айында толық бекітілмек.