• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2018-2020 жылдарға арналған бюджетті дайындауда   бақылау күшейтіледі – Сұлтанов 23.02.2017

«Биылғы жылы Елбасының Жолдауына қатысты міндеттерді нақты анықтайтын боламыз, сондай-ақ, Үкіметтің  2017 жылдың  3 ақпанында  Үкімет отырысындағы талаптар  қолға алынады. Біріншіден, 2018-2020 жылдарға арналған бюджетті дайындауда   бақылау күшейтіледі», - деді министр.

Екіншіден, ведомство басшысы айтып  өткендей, бюджет пен оны орындау үдерістерінің  орындалуы қатаң бақылауға алынатын болады.

«Үшіншіден, кәсіпкерлік шығынды түсіру үшін  салықтық-кеден саласында  жеңілдетілген  шаралар қолданылады. Бұның барлығы ақпараттық жүйені кезеңдік енгізу жолымен жүзеге асырылады. Төртіншіден, мемлекеттік сатып алу  саласында заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар жүзеге асырылады», - деді министр.

Министр 2018 жылдың соңына дейін  кәсіпорындарды жекешелендіру шарасын аяқтау қажеттігін айтты.

Ақбота Күзекбай


Back to the list