16.02.2017
«Шығыс Қазақстанда алдымен жылдамдатылған технологиялық жаңғырту мен өнеркәсіп саласында жаңа технологиялар трансфері арқылы өнімділікті арттыру жүргізілуде. Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары аталмыш салада жұмыс істеп жатыр», - деді ШҚО индустриялды-инновациялық дамыту мен кәсіпкерлікті басқару жетекшісінің міндетін атқарушы Мақсат Мұсапірбеков.
Мәселен, 2017 жылы «Ази Авто» АҚ-да диагностикалық және құрастыру паркін жаңарту көзделген. Әлемдік брендтердің технологиялары қолданылуда: GM, SKODA, KIA, Renault-Nissan-АВТОВАЗ.
Сондай-ақ, Lean Production замануи басқару технологиялары мен Кайдзен жүйесі, 5S әдістері енгізілді.
Сонымен қатар, компания толық циклды автозауыт құрылысын жүргізіп жатыр. Ол Өскеменде автокомпоненттерді шығаратын болады.