13.02.2017
Б.Қарасаевтың айтуынша, өнеркәсіптік өнімді шығару көлемі 12 млрд теңгеге өсіп, 52,0 млрд теңгені құрады. Облыс басшылығы қолдауының нәтижесінде «Талдықорған» индустриалды аймағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтылды.
«Қазіргі таңда 2 зауыт пайдалануға берілді, ол өсімдік майын бөлетін «Сарқан май» зауыты мен синтетикалық жуу өнімдерін шығаратын «Аманат Казына». Қорытындысында 648,0 млн теңге инвестицияланып, 45 жаңа жұмыс орны ашылды», - деді әкім.
Сондай-ақ, қала басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 14,0 млрд теңгеден артты, физикалық индекс көлемі 101,9 пайызды құрады.