06.02.2017
Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлағандай, ел қазынасына түсіп жатқан салық пен төлемдер саны артуда. 2016 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке салық есебінде 595,3 млрд теңге түсті.
Оның ішінде Ұлттық қорға 268,4 млрд теңге, республикалық бюджетке 201,1 млрд теңге, жергілікті бюджетке 125,8 млрд теңге түсті.
«Мемлекеттік бюджетке түсім жоспары бойынша тапсырма 102,2 пайызға орындалды», - деп хабарлады департаментте.