12.01.2017
Қазақстан елордасының түзетілген бюджеті 2016 жылы 433,5 млрд теңгені құрады, оның ішінде даму бюджеті 210 млрд теңгені немесе 48,4% құрайды. Экономиканың өсімі мен тиімді салықтық әкімшілендіру өткен жылғы деңгейдегі 25 пайыздық өсіммен жалпы сомасы 1 трлн 64 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік бюджеттегі түсімнің рекордтық көлемін қамтамасыз етті. Оның ішінде жергілікті бюджеттің үлесі 216 млрд теңге (өсім 13%) болды.
Сонымен қатар, Астана қаласының жеке кіріс көлемі 2016 жылы бекітілген өлшемдерге сәйкес 28,4 млрд теңгеге ұлғайды, республикалық бюджетке 17 млрд теңге алым түсті.
2016 жылдың соңғы 9 айында Астананың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 2,3%-ға ұлғайды (ҚР бойынша – өсім 0,4%) және 3,5 трлн теңгеге жетті.
Астананың жалпы республикалық ЖІӨ-дегі үлесі 11%-ды құрайды.
Жергілікті биліктің бағалауына сәйкес 2017 жылдың қорытындысы бойынша елорданың экономикасы 3,7%-ға артып, 5,1 трлн теңгеге жетеді.