11.01.2017
Өткен жылы құрылыс-монтаж жұмыстары бағасының индексі 104,6%, машиналар мен жабдықтарға – 103,4%, өзге де жұмыстар мен шығындарға – 105,8%-ды құрады.
Осы ретте өткен жылы құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялардың бағасының өсімі 1,7% құрады.
2016 жылы табақты шынының бағасы 21%, жайма болаттың – 10,7%, шағылдың – 6,3%, бояулар мен эмальдардың – 6,1%, битумның – 3,2%, қиыршықтастың – 2,9%, линолеумның – 2,6%, ағаш материалдарының – 2,1%, портландцементтің – 1,5%-ға өсті.
Сонымен бірге, резина және пластмассадан жасалған бұйымдар 12,8%, ғаныш – 2,1%, кірпіш – 1,2%-ға, кабельдер мен тауарлы бетон – 0,9%-дан арзандады.