11.01.2017
«Қазақстан ОПЕК алдындағы міндеттерін орындауға кірісті. Қаңтар айынан бастап мұнай өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге қысқартылды», - делінген хабарламада.
2016 жылдың 10 желтоқсанында ОПЕК және ұйымға мүше емес елдердің қатысуымен министрлік кездесу өтті. Кездесу қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі қысқартылды. ОПЕК елдері үшін мұнай өндіруді қысқарту тәулігіне 1,2 млн баррельді құрады. Ол тәулігіне 32,5 млн баррельді өндіруге әкеледі. ОПЕК ұйымына кірмейтін елдер тәулігіне 558 мың баррельге дейін қысқартады.
Мұнай өндіру көлемін қысқарту шешіміне сәйкес мұнай өндіру 2016 жылдың қазан айындағы көрсеткішпен есептеледі.
20 мың баррельді қысқарту Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы кен орнынан қысқартылады. Солтүстік Каспий (Қашаған), Тенгіз, Қарашаған кен орнындарындағы ірі жобаларға аталмыш қысқарту қатысты емес.