• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысында өндірістің   табыстылығы  13,8 пайызды құрады 09.01.2017

Есеп берген субъектілердің сальдоланған қаржылық нәтижесі 15762,5 млн. теңге сомасында кіріс ретінде белгіленді. Жалпы алғанда, облыс бойынша өндіріс залалы 2016 жылғы 3 тоқсанда 13,8 пайызды құрады.

«Оң қаржылық нәтиже ауыл, орман және балық шаруашылығы (8304 млн. теңге), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (5882,5 млн. теңге), өңдеу өнеркәсібі (4363,8 млн. теңге) кәсіпорындарынан алынды. Өңірлер бойынша жалпы нәтижеден түскен табыстың біршама сомасы Жақсы (6302,2 млн. теңге), Бурабай (5716 млн. теңге), Еңбекшілдер (1827,8 млн. теңге) аудандардың кәсіпорындарына келді», - делінген хабарламада.

Табысқа жеткен шаруашылық субъектілерінің үлесіне 2016 жылдың 3 тоқсанында жалпы есеп бергендердің кәсіпорындарына 57,6 пайыз (106 бірлік) келеді. Табыстың айтарлықтай біршама сомасы ауыл, орман және балық шаруашылығы 10041 млн. теңге (табыстың жалпы сомасынан 42,1 пайыз), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 6551,5 млн. теңге (27,5 пайыз), өңдеу өнеркәсібі  – 5152,2 млн. теңге (21,6 пайыз) кәсіпорындарында шоғырланған.

Аумақтардағы табысқа жеткендердің негізгі үлесі Жақсы (табыстың жалпы сомасынан 26,4 пайыз), Бурабай аудандарының (24,9 пайыз) , Көкшетау қ.ә. (9,8 пайыз) кәсіпорындарына келеді.

Есепті тоқсанда теріс қаржылық нәтиженің біраз бөлігі ауыл, орман және балық шаруашылығы (-1737 млн. теңге), көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (-1687,8 млн. теңге) кәсіпорындарына келді. Облыс қалалары мен аудандары бойынша қаржылық нәтиже шығынының біраз сомасы Көкшетау қ.ә. (-3183,7 млн. теңге), Степногор қ.ә. (-2163,6 млн. теңге) кәсіпорындарында болды.

 


Back to the list