05.01.2017
Өңірдің статистика департаменті хабарлағандай, 2016 жылдың 3 тоқсанында өнім шығару мен қызмет көрсетуді жүзеге асырудың нәтижесі 495,5 млрд теңгені құрады, оның жалпы шығыс құны 494,8 млрд теңгені құрады.
Шағын және ірі кәсіпорындардың кірісі 2016 жылдың 3 тоқсанында өткен жылға қарағанда 48,3 пайызға көтеріліп, 109,9 млрд теңгені құрады.
Кірістің негізгі бөлігі – 60,9 млрд теңге кен өндіру және карьерлерді өңдеу саласында жүзеге асырылды.