• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н.Назарбаев: Қазақстан  бар әлемге танылған гүлденген мемлекет 31.12.2016

Елордадағы жаңа жылдық қайырымдылық кешінде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бүгінгі жетістіктері бүкіл қазақстандықтардың ортақ еңбегі мен бірлігінің жемісі екенін айтты.Қазақстан Президенті келер жылы болатын ұлттық және халықаралық ауқымдағы ірі оқиғаларды атап өтті. Олардың қатарында дүниежүзілік Универсиада, ЭКСПО халықаралық көрмесі, Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті бар.

Елбасы мұқтаж жандарға көмек көрсету және қайырымдылық іс-шаралары халқымыздың игі дәстүрі екеніне тоқталды.

Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің  25 жылдығына арналған жиында  Нұрсұлтан Назарбаев қарқынды дамып келе жатқан мегаполис, жаңа елорда – Астананың құрылуын басты табыстарымыздың бірі ретінде атап өтті.

Елбасы экономикалық жетістіктер арқасында халықтың әл-ауқатының нақты өсімін қамтамасыз ете алғанымызды айтты. Мемлекет басшысы Үкіметке әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру барысында 2017 жылы зейнетақы мөлшерін биылғы деңгейден 20 пайызға, сондай-ақ бала тууға байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін де 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 20 пайызға ұлғайтуды тапсырды.

Қазақстан Президенті еліміздің халықаралық аренадағы табыстарына, соның ішінде еуразиялық экономикалық интеграция саласындағы бастамаларына, жаһандық антиядролық қозғалыстағы көшбасшылығымызға, бітімгершілік мақсат жолына жұмсаған күш-жігерімізге ерекше назар аударды.

«Жаңа елдің іргесін қалаған бүгінгі замандастардың ерен еңбегі уақыт өте келе, тіпті мың жылдан кейін де ұрпақтарымызға Отанымызды одан әрі ілгерілету жолында демеу болып, септігін тигізе береді», – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды мерекемен тағы да құттықтап, халқымызға мол табыс пен зор жетістіктер тіледі.

 

 


Back to the list