• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2016 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 49274,4 млн теңгені құрады 15.12.2016

2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 382077 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,5% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 373092 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 235471 құрады, оның ішінде 226946 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2016 жылғы қарашада 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,5% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 7,8%, азық-түлік емес тауарларға – 8,6%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 6%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2016 жылғы қарашада 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 17,5% жоғарылады.

2016 жылғы қазанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 73898 теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қазанға қарағанда 1,2% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 9,2% төмендеді.

2016 жылғы қарашада бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 142088  теңгені құрады.

2016 жылғы қарашада жұмыссыздар саны бағалау бойынша 444,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші (экономикалық белсенді халық) санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2016 жылғы қарашаның соңына 64,6 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне (экономикалық белсенді халық) 0,7%.

 


Back to the list