• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда 3,5 трлн теңге жария етілді 28.11.2016

Мәлімделген сома 3,9 трлн теңгені құрады, оның ішінде 3,5 трлн теңге жария етілді. 2015 жылғы желтоқсанға дейін, яғни жаңа заңнамалық түзетулер енгізілгенге дейін 425 млрд теңге жария етілді. Яғни, жария ету қарқыны жалпы 8 есе, ал ақша бойынша 30 есе өскен.

Акцияға 136 мыңнан астам адам қатысты, соның ішінде ақшаны жария ету бойынша – 7 мыңнан астам адам, шетелдегі мүлікті жария ету бойынша – 283 адам.

Ведомствода 30 қарашада әкімдіктердің жанындағы комиссияларға заңнамаға сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге арналған құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталатыны хабарланды. Мемлекеттік кірістер органдары арқылы жария етілетін қалған мүлік (соның ішінде ақша) бойынша тиісті декларациялар ұсыну мерзімі 2016 жылғы 23 желтоқсанда аяқталады.

Еске сала кетейік, мүлікті жария ету мәселелері жөніндегі заң 2014 жылғы қыркүйекте күшіне енген болатын. 


Back to the list