25.11.2016
2016 жылғы қаңтар-маусым деректері бойынша Атырау облысындағы жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағаларда 2382,4 млрд. теңгені құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі - 63,5%, қызмет көрсету - 29,6% құрады. Осы ретте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1646,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 44,4% жоғары.
2016 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі 178754 млн. теңгені құрап, 2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,3% кеміді.
Экономиканың нақты секторы туралы айтатын болсақ, өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 3558452 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 1,8% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,6%, өңдеу өнеркәсібінде 3,7%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптауда 6,3%, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 5,4% артты.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағаларда 52801,9 млн. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 4,3% артты.