• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ОҚО-да өнеркәсіп кәсіпорындарының  өнімі 19,1 %-ға  өсті 17.11.2016

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласының кәсіпорындарымен 10051,6 млн. теңгенің өнімі өндірілді, және нақты көлем индексі 2015 жылдың тиісті кезеңіне 153,6% құрады. Осы кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 58762,6 млн. теңгенің өнімін өндірілді, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен – 13,6%-ға жоғары.

 Тамақ өнімдерін өндіру көлемі 18245,6 млн. теңгені құрады, ал нақты көлем индексі 2015 жылдың қаңтар-қазанына 1,2%-ға көбейді, бұл негізінен шұжық және оған ұқсас еттен жасалған өнімдер – 16,7%-ға, көкөніс және жеміс шырыны – 4,0 есе, өңделген сұйық сүт және кілегей – 31,5% ға, сары май – 3,4 есе, ірімшік және сүзбе – 14,4%-ға, шоколад, шоколад пен қанттан жасалған кондитер тағамдары – 2,4 есе  өсуінен болды.

Сонымен қатар азық түліктердің мынадай түрлерін өндіру:  дәннен және өсімдіктен жасалған ұн; олардың майда тартылған қоспасының -4,9%, балмұздақ және ас мұзы (щербет,мұз кәмпиттерді қосқанда), балмұздақ  дайындауға арналған қоспалардан басқа – 11,0%, макарон түрлері – 35,7 %  төмендегенінен орын алды. 

«Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау» саласы бойынша өндіріс көлемі 3426,1 млн.теңгені құрады, бұл 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда – 3,8%-ға жоғары. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда алдыңғы жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда өнім өндіру көлемі –1,5%-ға төмендеп, ал өндірілген өнімнің көлемі 1482,1 млн. теңгені құрады.

 


Back to the list