01.11.2016
«Ағымдағы жылы Қазақстанда салада ірі жобаларда бірқатар маңызды шешімдер қабылданды, олар Қазақстанға мұнай-газ секторын қарқынды дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, экономиканың әр саласына мультипликативтік әсер бреді. Биылғы жылы шілдеде «Теңгізшевройл» болашақ кеңейту жобасын іске қосу туралы хабарлады, бұл жобаның құны 37 млрд АҚШ долларына бағаланады. Алғашқы мұнай алу 2022 жылы жоспарланып отыр. Бұл жобаның іске асырылуы жыл сайын 30-38 млн тонна мұнай өндіруге мүмкіндік береді, яғни ағымдағы кезеңмен салыстырғанда 12 млн тоннаға ұлғаяды», - деді М. Мырзағалиев.
Вице-министр Қашаған кен орнының солтүстік-каспий жобасының іске қосылуы туралы еске салды.
«14 қазанда тауарлық мұнайдың алғашқы партиясы «ҚазТрансОйл» құбыр жүйесіне берілді, сондай-ақ «ИнтерГаз Орталық Азия» газ құбыры жүйесіне тауарлық газ жеткізу жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін осы кен орнында 500-ден 1 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді жоспарлап отырмыз»,- деп қосты ол.
Сонымен бірге, вице-министр болашақта қарашығанақ кен орнын дамыту жоспарланып отырғанын атап өтті.
«Осылайша, бағаның сақталып отырған коньюктурасына қарамастан, мұнай-газ жобаларын белсенді іске асыру жалғасуда», - деді М. Мырзағалиев.
Ботагөз Айтжанова
Сурет Азамат Әлиева