28.10.2016
Үшінші тоқсанда 44,5 мың тонна катодты эквиваленттегі мыс өндірілді. Бұл екінші тоқсанмен салыстырғанда 43%-ға арттық.
Компания Бозшакөл (Павлодар облысы) және Ақтоғай (ШҚО) сияқты жақында іске қосылған ірі жобаларда өндіріс көлемін арттыруды жалғастырып келеді.
Бұл 2016 жылдың соңына қарай компания жоспарлаған 130-155 мың тонна аралығындағы катод эквивалентіндегі мыс көлеміне (2015 жылы Топ 81,1 мың тонна өндірген) қол жеткізуге мүмкіндік береді.