25.10.2016
Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлағандай, «SSTL» компаниясы өлшемдері жағынан ең кіші, ал тиімділігі мен бағасы жағынан ең жақсы болып шығатын ғарыш аппараттарын құрастыру бойынша әлемдік көшбасшы екендігін атап кету жөн.
Контракт шарттарына сәйкес, ҒТМ ҒЖ жобалау, жиынтықтауыштарды жасап шығару, құрастыру және сынау жұмыстары «Ғалам» ЖШС және «SSTL» компаниясы инженерлердің бірлескен командасымен атқарылуда. Нәтижесінде, Қазақстанға ең жаңа ғарыш технологиялар трансферті келуде.
Контракт бойынша бірлескен жобалау-құрастыру жұмыстар аясында жобаны жүзеге асыру кезінде «SSTL» компаниясының аса қызығушылығын тудырған қазақстандық ғалымдар мен инженерлердің перспективті жұмыстардың нәтижелері қолданылатын болады.
Мәселен, «SSTL» компаниясы «Ғалам» ЖШС-пен бірлескен команданы құруымен ғана шектелмей, сондай-ақ ҒТМ ҒЖ құру жобасы бойынша үлестік қатысуына да келісіп, технологиялық мақсаттағы ғарыш аппаратына пайдалы жүктемені өз есебінен қоюға уәде берді.
ҒТМ ҒЖ құру жобасының жүзеге асуы оның ұшу тарихын да алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ғарыш аппараттарының коммерциялық үлгілерін өндіруіне өту үшін қажетті кезеңі болып табылады және болашақ қазақстандық ғарыш аппараттарының өндіріс құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
ҒТМ ғарыш аппараты Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру және Астана қаласында Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру жобалары аясында «EADS Astrium» (Франция және Ұлыбритания) стратегиялық серіктестің аумағында тәжірибелік стажировкадан сәтті өткен қазақстандық құрастырушы мамандары мен сынаушыларының еңбегімен жасалынатын алғашқы аппараты болып табылады.