24.10.2016
Қаланың жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) көлемі 2016 жылдың І жартыжылдығында 2,1 трлн теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,9%-ға артық. Астананың республиканың ЖӨӨ-нің көлеміндегі үлесі – 11,1%-ды құрады.
Экономиканың өсімі негізі салалық құрылымдар есебінен, атап айтқанда құрылыс саласында - 19,8%, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет – 18,8%, қаржы және сақтандыру қызметі –10%, көлік және қоймалау саласында – 9%,басқа да қызметтер – 41,4% қамтамасыз етілді.
Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші 2,4 млн теңгені құрап, республика бойынша орташа көрсеткіштен 2,2 есеге (1,1 млн.теңге) артты. Бұл тұрғыда Астана экономикасы мұнай секторына негізделген Атырау облысынан кейін 2-ші орында.