• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Акмолалықтар 282,2 млрд теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірген 20.10.2016

Бүгінгі күні тау-кен өнеркәсібіндегі өңірдің физикалық көлем индексі 110,1%-ды құраған. Бұл құрамында алтын бар және уран кендерін өндіру көлемдерінің ұлғаюымен байланысты.  

Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, өңдеу өнеркәсібінде физикалық көлем индексі 104,0%-ды құраған. Машина жасау саласындағы көрсеткіш те жаман емес.

Мысалы, бүгінгі таңда «ЕПК Степногорск» АҚ-ның мойынтіректері 8722 тоннаны құраған, өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 26%-ға өскен, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ 439 жүк автомобилін құрастыруды жүзеге асырған, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге 103,1%-ды құраған.

Сондай-ақ, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру саласында - 103,5%, металлургия саласында - 130,3%, тамақ өнімдерін өндіру саласында 114,8% өсу байқалады.

Одан басқа, өткен жылмен салыстырғанда Ақмола облысында ет пен қосалқы өнімдер шығару көлемі - 29,0%-ға, өсімдік майы - 2,4 есе, ұн 31,7%-ға ұлғайғанын да атап өту қажет.


Back to the list