• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда 9 ай ішінде 42 млн тоннадан астам мұнай тасымалданған 20.10.2016

2016 жылғы қаңтар – қыркүйек аралығындағы кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі 42 млн 405 мың тоннаны құраған.  

Сонымен бірге, 2016 жылғы 9 ай ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша шоғырландырылған жүк айналымы 32 млрд 479 млн тонна шм құраған. Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5%-ға төмендеген.

Одан басқа, хабарламада «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына еділ суын Астрахань-Маңғышлақ су таратқышы бойынша беруді жүзеге асыратыны туралы айтылған. 2016 жылғы қаңтар – қыркүйек аралығындағы кезеңде су беру көлемі 19 млн 242 мың текше м құраған, бұл 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 146 мың текше м-ге немесе 1 %-ға артық. 


Back to the list