19.10.2016
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлемі 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деңгеймен салыстырғанда 0,5%-ға өсті және қолданыстағы бағамен 219,3 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі тағам өнімдерін өндіру, металлургия өнеркәсібі, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау, жиһаз жасау өндірісінде байқалады.
Тағам өнімдерін өндіруде 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деңгеймен салыстырғанда өзге де дәнді дақылдардан жасалған жарма, ірі тартылған ұн және түйіршіктер мен өнімдер өндіру 1,7 есеге, дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн; олардан майда тартылған ұн қоспалары - 14,3%-ға, нан - 2%-ға өсті. Сонымен қатар, ірімшік және сүзбе өндіру 26,8%-ға, шұжық өнімдерін өндіру 17,9%-ға қысқарды.
Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау өндірісінің өсу қарқыны артты: алюминийден жасалған есік және терезе блоктарын, есік босағаларын шығару 1,7 есеге, бекітпе бұйымдар - 53,3%-ға өсті.
Машина жасаудағы нақты көлемнің төмендеуі негізінен өзге де көлік құралдарын шығарудың қысқаруына қатысты (53,3%) орын алды.