• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Оңтүстік Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,9%-ға артты 17.10.2016

Облыстың статистика департаменті хабарлағандай, кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі - 4,1%, өңдеу өнеркәсібінде – 12,7%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 6,5%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таралуын бақылауда – 10,1% артты.

 2016 жылғы қаңтар-қыркуйекте ауыл шаруашылығы жалпы шығарылымы өнімінің (қызметінің) көлемі 319627,1 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 0,7%-ға артты, оның ішінде мал шаруашылығы – тиісінше – 150300,7 млн. теңге және 2%-ға артық, ал өсімдік шаруашылығы – 168582,4 млн. теңге және 0,4%-ға кеміді, қызмет көлемі – 744 млн. теңге және 100% құрады. 

 Осы кезеңде темір жол көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінің жүк айналымының көлемі жеке кәсіпкерлердің жүк айналымын қоса есептегенде 6233,4 млн. ткм құрап, бұл 2015 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 99,6% құрады. Облыста 385,2 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 110% құрады. 2016 жылғы 1 қазанға жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 178452 бірлікті немесе 2015 жылғы тиісті кезеңге 95,6% құрады.


Back to the list