01.10.2016
Атап айтқанда: «ГЛОНАСС» және «GPS» жаһандық ғарыштық навигациялық жүйесі сигналдарын пайдалана отырып, тұтынушылардың навигациялық аппаратурасының эксперименттік үлгілері әзірленді;
Отандық спутниктік навигациялар үшін дифференциалдық станцияларды (ДС) жобалау бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орындалды;Қазақстан Республикасының дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің құрамында жұмыс істейтін және Қазақстан аумағында орнатылған ДС тәжірибелік партиясы жасалды;
Кедендік одағы елдерінің Үкіметі басшыларының шешімі аясында автожолдарда болатын авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақырту (ААШШ) йесінің пилоттық үлгісі әзірленді;
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) аясында қадағаланушы тұлғаларды электрондық мониторингілеу жүйесін әзірлеу бойынша жұмыстар орындалуда.
Ғарыш техникасы өндірісінде өзіміздің әзірлемелерді қолдану аталмыш салада Қазақстанның техникалық тәуелсіздігін арттыруға мүмкіндік тудырады.