09.02.2015
Табиғи газ өндіру жыл ішіндегі 6 пайыздық өсіммен 4 736 млн. текше метрге жетті, 2014 жылдың жоспарына қосымша 267 млн. текше метр өндірілді.
«Мұнай тасымалдау. Күреқұбырлар жүйесімен мұнай тасымалдау көлемі 64 005 мың тонна құрады және жоспармен салыстырғанда 1 пайызға артты. Теңіз бойынша мұнай тасымалдау есепті кезеңде 9 606 мың тонна құрап, өткен жылдың осы уақыттағы көрсеткішімен салыстырғанда 9 пайызға артты», - делінген хабарламада.
Мұнай өңдеу көлемі 2014 жылы жоспардағы 14 889 мың тонна орнына 14 911 мың тонна құрады. Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын қайта құру үшін нақты жұмыстар басталды.