09.02.2015
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы тікұшақ зауытында болды. Қол қойылған қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасы шеңберінде жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарының оқшаулану деңгейін арттыру жоспарланған, деп хабарлады ведомство.
ҚР қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов атап өткендей «біз тікұшақтарды модернизациялау кезінде «Қазақстан Асельсан инжиниринг» шығаратын оптикалық-электрондық өнім сияқты қазақстандық өнімдердің пайдаланылуына мүдделіміз».
Сонымен қатар, былтырғы желтоқсан айында алдағы перспективалар туралы сөз болса, қаңтар айында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер беретін құжатқа қол қойылды. Мысалы, Қазақстанда әскери автомобильдік техникаға қызмет көрсету нүктелерінің желісін ұйымдастыру арқылы «КАМАЗ» холдингімен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға болады.
Бұл үшін қазақстандық делегация мен «КАМАЗ» ААҚ басшылығы басты жинау конвеері мен кабиналарды жинау конвеерін, «КАМАЗ» ғылыми-техникалық орталығындағы автомобиль техникасының көрмесін аралап көрді. Иманғали Тасмағамбетов «бұл жұмысқа «КАМАЗ-дың» Қазақстанда аттестациядан өткен сервис орталықтарын тартуымыз қажет», - деп атап өтті Қазақстан делегациясы сондай-ақ М.Горький атындағы кеме жасау зауыты, ІТ-парк, және «Ансаты» ұшқышсыз ұшатын аппаратын шығаратын Қазан тікұшақ зауыты сияқты басқа да кәсіпорындарды аралады.