27.01.2015
Қазғарыштан хабарлағандай, комиссия мүшесі кешеннің жұмысымен танысып, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ мен академик М.Ф. Решетнев атындағы «Ақпараттық жерсеріктік жүйелер» ААҚ өкілдерінің «KazSat-3» жобасының жүзеге асырылуы мен барлық сынауларының нәтижесі туралы бандамасын тыңдады.
Қабылдау комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша «KazSat-3» ғарыштық байланыс жүйесі жобасының аяқталуына байланысты нәтижесін қабылдау актісіне қол қойылды.
Айта кетерлік жайт, «KazSat-3»ҒА штаттық режимде жұмыс істейді және оның қызметімен алғаш болып қазақстандық байланыс операторлары «Astel»АҚ мен «2DayTelecom»ЖШС пайдаланды.
Осылайша, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ мемлекеттік комиссияның қорытындысына сәйкес «KazSat-3»ҒА қызметін коммерциялық тұрғыда пайдалануға көшті.