25.12.2014
«Машина жасау саласында темір жол вагондарын шығару бесжылдықта 10 есеге өсті, ал дизельдік локомотив 2,5 есеге артты. Автоөндіріс 5 жыл ішінде жеңіл көлік шығаруды 12 есеге, трактор шығаруды 6 есеге ұлғайтты. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы жаһандық экономика оқиғаларында дағдарысқа қарсы әсер етуде тамаша мүмкіндік сыйлады», - деді Н.Назарбаев.
Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы аясында отандық құрылыс материалдарының өндіріс үлесі екі есеге өсті. «Қазір құрылыс материалдарының 80 пайызын өзіміз өндіріп отырмыз. Оған қоса, цемент өндірісі екі есеге өсіп, 4 млн тоннаға жетті. Медициналық өнім көлемі 500 данаға көбейді», - деді Елбасы.
Камила Амирова