• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2017 жылы ЖСөК пайдалануға берілмек – ИДМ 22.12.2014

Естеріңізге сала кетейік, ЖСК француздық «Airbus Defence and Space» әріптес компаниясымен бірлесіп қолға алынуда. Кәсіпорын құру идеясынан бастап оны іс жүзінде нақты жоба ретінде пайдалануға беруге дейінгі барлық жұмыстарды атқаратын болады.

«Жобаны іске асырудың нәтижесінде ғарыш аппараттарын жобалау, дайындау, жинау мен сынауға арналған жоғары технологиялық кәсіпорын құрылатын болады. Аталмыш жоба 2017 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде», - деп хабарлайды ведомство.

Сонымен қатар, ҒА ЖСК құрамына тәжірибелі өндіріске ие ғарыш техникаларын арнайы құрастыру-технологиялық бюросы (ҒТ АҚТБ) да кірмек.

«ҒТ АҚТБ ғарыш аппараттарын жобалауды қамтамасыз етпек. Өндірісте ғарыш аппараттарының жекелеген құрамдарын дайындауға арналған зертхана мен өндірістік учаскі болады», - делінген хабарламада.  

Индира Қауметова


Back to the list