• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«ҚазМұнайГаз» Украина компанияларымен газ өндірудегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды – СІМ 19.12.2014

Келісімшарт бойынша, «BurismaHoldings» компаниясы «ҚазМұнайГаз» сейсмологиялық барлау және бұрғылау жұмыстары циклін жасап, көмірсутек шикізатын барлау мен өндіру операцияларын жүргізіп, сонымен қатар Қазақстан аумағында инфрақұрылымдық нысандар құрылысы мүмкіндіктерін зерттейді.

«Burisma Holdings» компаниясының  өкілдері Қазақстан Республикасы басшылығымен екіжақты келіссөздер жасасты. Атап айтар болсақ, аталмыш компания президенті Николай Злочевский Қаақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен, Энергетика министрі Владимир Школьникпен және Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесіп, онда «BurismaHoldings» компаниясының Стратегиялық әріптес мәртебесін алуы бойынша ынтымақтастық болашағы сөз болды», - делінген хабарламада.

«Burisma Holdings» өкілдері Үкімет басшысымен кездесуде сейсмологиялық барлау және бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде американдық жаңа және замануи технологияларды қолдануы туралы сөз қозғады.

«Бұл Украина үшін айтарлықтай маңызды шара. Бір жағынан «Burisma Holdings» компаниясы Қазақстан ресурстарына қол жеткізіп отырған алғашқы компания болса, екінші жағынан, посткеңестік кеңістікте теңдессіз геологиялық барлау, бұрғылау техникалары мен құрылғыларына ие украиндық компаниялардың Қазақстанда аталмыш саланы дамытуына жол ашылмақ», - дейді «Burisma Holdings» компаниясы қожайыны Н. Злочевский. 

Айта кету керек, «Burisma Holdings» компаниясы – 2002 жылы негізі қаланған Украинаның ең ірі тәуелсіз газ өндіруші компаниясы.


Back to the list