26.11.2014
Хабарда шараны «ҚАЗРОБОФОР-2014» 1-ші Қазақстандық робот-техникалық форумы мен Қ.И.Сәтбаев ат. ҚазҰТУ Технопаркімен және Алматы өңірлік технопаркімен әріптестікте Қазақстанның студент-кәсіпкерлерінің 2-ші Ұлттық конкурсының ұйымдастырушылық комитеті өткізетіні аталып өткен.
Жарыстың негізгі мақсаты - жоғары технологиялық кәсіпорын - үздік робот-техникалық ЖООлар - үздік колледждер - үздік мектептер тізбегінде әріптестік қарым-қатынасты орнату.
«Чемпионат сондай-ақ, жетекші халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындау үшін Алматының үздік студенттерін, мектеп пен колледж оқушыларының дайындығын тексеріп, оларды іріктеуге мүмкіндік береді», - делінген хабарда.
Оған қоса чемпионаттың күзгі сессия бағдарламасына шамамен 30 робот-техникалық команда енгізілген. Тіркелгендер арасында көш бастап тұрғандар - Ш.Смағұлов ат. дарынды балаларға арналған Алматы облыстық мамандандырылған физико-математикалық орта мектеп-интернаты, №5 мектеп-гимназиясы мен Әл-Фараби ат. ҚАЗҰУ, С.Бегалин ат. МБК робот техникасы үйірмесі (Shevroninc қолдауымен), халықаралық бизнес және байланыс колледжі, ОАОК және т.б.