17.11.2014
«Арқалықтың басты проблемасы онда боксит 8 жылға қалды. ENRC (Евразиялық энергетикалық корпорациясы) 8 жылдан кейін ол жақтан кетуді көздеп отыр. Өзге жол жоқ. Барлауға болатын дүниенің бәрін барлап біттік, қызықты ештеме жоқ», - деді А.Рау.
Вице-министр атап өткендей, бір кенорны бар, ол Арқалықтан 100 км қашықтықта орналасқан.
«Солтүстікке қарай 100 км қашықтықта Есілдің астында кенорны бар. Онда миллиардтаған тонна темір рудасы бар. Бүгінде оған «Тау-Кен Самұрық» кірді. Менің есептеуімше, «Тау-Кен Самұрық» 8 жылдан кейін 1,5 мың боксит өнідірушілерді темір рудасын өндірушілерге айландыруы керек. Өзге жол жоқ онда»,- деді ол.
Министрдің орынбасары атап өткендей, егер Арқалықтағы жалғыз өндіріс ошағы өз жұмысын тоқтатса қаланың жойылып кетуі ғажап емес.
Камила Амирова