21.10.2014
«Алдағы 3 жылда ұлттық оператор «Қазмұнайгаз» АҚ геологиялық барлау жұмыстарын күшейту үшін 5 млрд доллар жұмсауды көздеп отыр. Бұл компанияның дәлелденген қорын 2022 жылы 823 млн тоннадан 1,4 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді»,- деп хабарлады В.Школьник.
Оның айтуынша, стратегиялық шикізатты өндіру негізгі шикізат бағасының төмендеуі жағдайында маңызды міндет болып табылады.
«Қолданыстағы кен орындарындағы мұнайдың 70% жуығы жер қойнауында қалып қояды. Оның өзіндік себебі бар, ол кен орынының ерекшелігі, қолжетімділігі төмен қорларының көбеуюі және оларды барлау уақыты»,- деп толықтырды ведомсвто басшысы.
Сонымен қатар, сарапшылардың есептеуінше мұнай өндірудің жаңа әдісін енгізу Қазақстандағы өндіріліп алынған мұнай қорын ең аз дегенде 15-20%-ға артыруға мүмкіндік берді. «2015 жылы сараптамалық зерттеу жүргізу көзелуде. Ағымдағы жылы өндіру секторын ғылыми-техникалық дамыту жол картасын жүзеге асыру басталды»,- деп атап өтті Школьник.
Камила Амирова