16.10.2014
Конференция «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің Тұжырымдамасында белгіленген тәсілдерді жұртшылыққа жариялау және мемлекеттік органдарға, жер қойнауын пайдаланушыларға және ғылыми ортаға сарапшылық пікір бергізу мақсатында өткізілді.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияға Қазақстанда және шетелде жер қойнауын пайдалану мәселелерін көтеруге қызығушылық танытқан компания қызметкерлері қатысты. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстанда жер қойнауын пайдалануды реттеу мәселесін көтерді.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің негізгі мақсаты көмірсутекті шикізат саласындағы, сол сияқты пайдалы қатты қазбалар саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтар нормаларын жүйелендіру, саланың инвестициялық тартымдылығын көтеру, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені ескере отырып әкімшілік кедергілерді азайту болып табылады.
Жалпы, заң жобасының қабылдануы жер қойнауы саласындағы құқықтық актілерді азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдалануда либералдық тәртіп орнатуға өз септігін тигізеді.