• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ССТӨБ Қашар карьеріндегі көліктік жүйені қайта құру кен қорын ашуға мүмкіндік береді 16.10.2014

Атап өткендей, бұл кезеңде 3,7 км созылған темір жолды төсеу және 4 бағытты өзгерту қондырғысын орнату жоспарлануда.

«Қайта құру жұмыстары инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылуда және ол үш кезеңнен тұрады. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында оның алғашқы кезеңі аяқталды. Құрылыс барысында 2,5 км - теміржол төселіп, 3 - бағытты өзгерту қондырғысы орнатылды. Бүгінде теміржол аралықтарын Магнит бекетінен  Еңбек бекетіне көшіру жұмыстары жүргізілуде», - деді Қашар КБ техникалық бөлімінің жетекші инженері Ксения Беспалова.

Сонымен қатар, комбинаттың баспасөз қызметінен түсіндіріп өткендей, 2014 жылдың соңына дейін үшінші кезеңнің құрылыс жұмыстарын жргізу үшін алаңдарды ашу мақсатында тау жұмыстары жүргізу жоспарланған. Бұл кезең бойынша темір жолды төсеу жұмыстары келер жылы басталады. Жалпы, тағы 6 км темір жол мен 7 бағытты өзгерту қондырғылары орнатылады. Шаралар  кешенін толығымен орындау карьердің солтүстік және шығыс бөлігіндегі 15 млн. тоннадай кен қорын ашуға мүмкіндік береді.

Бірлестік президенті Мұхамеджан Тұрдахуновтың пайымынша, Қашар кен басқармасы - ССТӨБ-тің ертеңі. «Қашар карьеріне жұмыс істеу үшін әлемнің ең үздік деп танылған заманауи технологиялар алып келінді. Бұл мұндағы жұмыс қарқының артуына және күрделірек болуына септігін тигізуде. Жақында конвейр сынды көлік іске қосылады. Ол пайдалануға белірген сәттен бастап карьердегі темір кенінің өндірісі ұлғайтылады. Осылайша біз жылына - 23 млн тонна кен  және 40 млн тонна тау жынысын өндіру жобалық қуаттылығымызға көшеміз», - деп толықтырды ол. 


Back to the list