• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағандыда  кремний зауыты қалпына келтірілді 16.10.2014

«Tau-Ken Temir» ЖШС мамандары зауытқа қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Рудотермикалық пештің өңеші қатып қалған қорытпалардан тазартылып, пештің электронды бағаналарындағы көмір электроттарына монтаж жұмыстары жүргізіліп, автоматты бақылау жүйесі тексерістер өткізілді. Сонымен қатар, пешті басқару жүйелері қаралып, пешке жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

«Tau-Ken Temir» ЖШС өндірісі жұмыстарының қарқынды дамуы үшін қысқы мезгілде өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету шаралары атқарылды. Ақтас руднигінде кварцты қайта өңдеу жұмыстары жасалып, сақтау үшін Жезқазғанға жөнелтілді. Бүгінгі таңда 14 мың тонна кварц алынып өңделді. Соның 4700 тоннасы зауытқа жеткізілді», - делінген сайтта.

 


Back to the list