• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның авиаөнеркәсіп саласы нарығындағы №405 авиажөндеу зауытына 75 жыл толды 15.10.2014

«Зауыт тікұшақтарды 40 жылға жуық, соның ішінде «Ми» тұрпатты ұшақтарын 20 жылдан астам уақыттан бері жөндеумен айналысып келеді. Осы маркалы ұшақтарды шығаратын «М.Л.Миль атындағы Мәскеу тікұшақ зауыты» біздің кәсіпорынның Ми-8Т, Ми-8МТ (Ми-17), Ми-8МТВ-1 (Ми-17-1В) Ми-171, Ми-8АМТ, Ми-172 ұшақтарын күрделі жөндеу талаптарына сай екенін растайтын Жөндеу ұйымының куәлігін берді», - дейді зауыт директоры Константин Ушаков.

Авиациялық техниканы жөндеуден бөлек кәсіпорын сервистік қызмет көрсету мен ресейлік өндірістің жаңа типтік тікұшақтары бойынша технологиялық жаңа процестерін игерді.

Жалпы, 1992-2014 жылдары аралығында зауыт 80 дана Ми-8/17 тікұшақтарын жөндеп, Ка-32А11ВС, Ми-26 тікұшақтарын жөндеу мен қызмет көрсетудің 300-ден астам жаңа техникасын игерді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда 2016 жылы К-226Т тікұшағын жинау жоспарланып отыр.

Мұның сыртында зауыт «Вертолеты России» ААҚ тікұшақ-құрастыру холдингінің басқарушы компаниясы және РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігінің басқа кәсіпорындарымен, ал әскери бағытта РФ Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Федералды қызметпен, «Оборонопром» Бірлескен өнеркәсіп корпорациясы» ААҚ, «Рособоронэкспорт» ААҚ және басқалармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Бүгінде кәсіпорында тікұшақтарды жөндеу, техникалық қызмет көрсету және терең жаңғырту бойынша жоғары білікті 360-тан астам қызметкер еңбек етуде.

Камила Амирова


Back to the list