13.10.2014
«2010 жылы машина жасау өнімдерінің көлемі 300 млрд теңгені құрады, 4,5 жыл ішінде, 2013 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау өнімінің көлемі 854 млн теңгені құрады, осы жылы біз 1 трлн теңге өсімді күтіп отырмыз. Бұл даму бағыты Елбасының индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асуының айқын көрінісі, жүздеген жұмыс орны ашылып, өнеркәсіптік жаңа салалар пайда болды», - деді М.Пішембаев.
Осыған орай, мәжілісмендер қазақстандық нарыққа әлемдік автомобиль құрастырушыларының енуі ел экономикасына үлкен әсерт етеді.
Оның айтуынша, Қазақстанда мұнай саласы қарқынды дамуда, тракторлар, комбайндар, ауыл шаруашылығы техникасы, тау-кен машинасы жиналуда.
Естеріңізге сала кетейік, 9-10 қазан аралығында Астанада II Қазақстанның машина жасаушыларының форумы өтті. Онда Қазақстан мен шетелдің машина жасау саласы мамандары бас қосты. Форумның басты тақырыбы ретінде 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру бағдарламасындағы Қазақстанның машина жасау саласының мәселелері талқыланды.
Индира Қауметова
Суретті түсірген Азамат Әлиев