09.10.2014
«Біз нарығымызды үш бөлікке бөлеміз, бұл Қазақстандағы өндіріс, Ресейден әкелінетін автокөліктер, барлық брендтер, оның ішінде республикаға келетін импорттық брендтер де бар. Сегіз айдың қорытындысы бойынша қазақстандық өндіріс 2013 жылмен салыстырғанда 4,9 пайызға өсіп, Қазақстанда жасалған автокөлік саны 22 мыңды құрады», - деді А.Лаврентьев.
Ресейден келген автокөлік импорты 59 мыңды құрады, өткен жылы бұл көрсеткіш 51 мыңды құраған, қосылған үстеме 14 пайыз. «Импорттық автомобиль бойынша біздің көрсеткіш төмен түсті, Ресейден келген автокөліктер Қазақстанда шығарылатын көліктермен алмастырылды. Қазақстандағы өндіріс 4,4 пайызға тең, ол жақсы көрсеткіш», - деді ол.
Жалпы нарық өткен жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға өсті – бұл таза тұрғыдағы көрсеткіш, 8,2 пайыз ақшалай өсімді құрады.
«Қымбат емес сегмент бойынша құлау байқалуда, оның саны 10 мың автокөлікке тең. Шілде айынан бастап тенденция ақырындап төмендеуде, шілде-тамыз айларындағы көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмен, жалпы жоспар бойынша оқиға осы жылы 8,5 – 9 пайыз көлемін қосылады деген үміттеміз», - деді Лаврентьев.
Камила Амирова