06.10.2014
«Ядролық технологиялар біздің өмірімізде кеңінен қолданыс табуда. Атап айтар болсақ, ол өнеркәсіп саласында да, атом қуаты мен радиоизотопты әдістер пайдаланылатын технологияда да, ғылымда да көрініс табуда. Осыған қоса соңғы уақытта елімізде ядролық медицинаның да дамып келе жатқаны байқалады. Біздің жұмысымыз әу бастан осы тақырыпқа бағытталған. 90-шы жылдары МАГАТЭ қолдауымен үлкен форум өткенде біздің өңір Батыс Азия және Таяу Шығыс өңірі аталып, әр ел өкілдері Қазақстанға жиналып, екі апта бойы медицинадағы ядролық технология мәселесі талқыланды», - дейді ол.
Оның айтуынша, сол кезде бірқатар бастамалар көтерілді. Олар сырқаттардың диагностикасына қолданылып, сонымен қатар онкология, диагностика әдістері мен терапияда кеңінен қолдау тапты. Бұның барлығы атом энергиясына байланысты.
Айта кету керек, жалпы, КО пен МАГАТЭ бағдарламасы бойынша іске асырылатын ұлттық технологиялық жобаларды орындау нәтижесі соңғы 20 жылда Қазақстанда медициана қажеттілігіне радиофармацевтикалық препараттар өндірісін жемісті іске асыру, өнеркәсіп пен медицинаға арналған гидрогельдер өндірісін жолға қою, екінші сұрыптағы калибрлік зертхана салу түрінде көрініс тапты.
Индира Қауметова