• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Жас сарапшы-2014» республикалық байқауы өз жұмысын бастады 15.09.2014

Байқаудың мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ынталандыру, дарынды жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, ҚР жоғарғы оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейін арттыру. 

Шараны ұйымдастырушы: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Болашақ» Қауымдастығы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ. 

«Қауымдастықтың өз қызметі барысында жас ғалымдар, сарапшылар, стипендиаттар мен «Болашақ» бағдарламасының түлектері, сонымен қатар, экономикалық мамандықтардың студенттері мен магистранттарының ғылыми-зерттеу бастамаларына белсенді түрде қолдау көрсетеді», - деп мәлімдеді  «Болашақ» Қауымдастығының атқарушы директоры Ермек Мақашев.

Жеңімпаздар ҚР Ұлттық экономика министрлігінде және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ тәжірибеден өту мүмкіндігін иеленеді.

2012 және 2013 жылдары байқауға еліміздің 40 жоғарғы оқу орнының 400-ден астам студенті қатысты. 2012-2013 жылдардағы «Жас сарапшы» байқауының жеңімпаздары «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жұмысқа орналастырылды.

 


Back to the list