11.09.2014
«Қазғарыш өкілдері «Орталық Азия: Ғарыштан көзқарас» құрғақ және жартылай құрғақ қоршаған ортаға Жердің бақылауы бойынша II Халықаралық Симпозиумның (ISEO 2014) жұмысына белсене қатысуда. Аталған іс-шара Қырғызстанда 2014 жылғы 10-12 қыркүйек аралығында өтуде», - делінген хабарламада.
Бұл отырыс II халықаралық симпозиум жұмысының аясында ұйымдастырылды.
Іс-шаралар ұйымдастырушылары Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, сондай-ақ Физикалық-техникалық мәселелер және материалтану институты, Қытай ғылым академиясы және тағы басқалар болып табылады.