03.09.2014
"Мемлекет басшысы металды өңдеу және қайта өңдеу, арматура жасау және ұсақ сортты прокаттар шығару жөніндегі инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты", - делінген хабарламада.
Қазақстан Президентіне прокат жасайтын технологиялық желінің жұмысы мен өндіріс технологиясы туралы, сондай-ақ атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорынның өндірістік цехтарын аралап көрді.
«ЕвразКаспианСталь» ЖШС-ның Қостанай прокат зауыты темірбетонды конструкцияларды арматуралауға арналған ыстық илемді болат өндіреді. Кәсіпорынның қуаты – жылына 450 мың тонна, онда 250-ден астам адам жұмыс істейді.