13.08.2014
АЛТЕЛ-дің жаңа желісі жылдамдығы 100 Мбит/секундқа дейін Интернет желісіне ұтқыр қатынауды пайдалану мүмкіндігін ұсынады, ол алдыңғы байланыс буыны желісіндегіден 5-7 есеге тезірек.
«Алты ірі қалада 4G желісін іске қосумен 4-ші буынды инновациялық телекоммуникация қызметтері 6 миллионнан артық біздің азаматтарға қол жетімді болып отыр», - деп атап өтті «Алтел» АҚ Басқарма Төрағасы Мақсұт Сауранбаев.
LTE желісінде ақпаратты тарату жылдамдығын едәуір арттыруға байланысты, АЛТЕЛ абоненттеріне жаңа мультимедиялық сервистер қол жетімді болды, оның ішінде жоғары сапалы көрсетумен бейне- және музыкалық контент, көп пайдаланатын ойындар, мониторинг жүйесі, бейнеконференциялар, интерактивті онлайн- қосымшалар және басқалары қол жетімді болды.
«2014 жылғы 15 мамырда АЛТЕЛ Қазақстанда алғашқы болып Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Шымкент және Өскеменде 4G/3G/2G мультитехнологиялық желісін іске қосты. Павлодар, Петропавл, Қостанай, Орал, Талдықорған және Көкшетау қалаларында дауыстық қоңырау қызметтерін қолдаумен инновациялық желіні іске қосу үшінші тоқсанға жоспарланған, ал 2014 жылдың аяғына дейін 50 мыңнан артық халқы бар қалаларда іске қосу жоспарланып отыр», - деп Қазақтелекомда хабарлады.